This post is also available in:
EN (EN) RU (RU) KZ
“OLYMPEX ADVISERS” ЖШС-ң жеке тұлғалар үшін 250.00, 270.00 және 240.00-салық есептілігі нысандарын толтыру және ұсыну бойынша қызметтерді жүзеге асыратынын қуана хабарлаймыз.
Өздеріңіз білетіндей, 2021 жылдан бастап жаппай декларациялау шеңберінде сатылай жұмыс басталды. Осылайша, 2021 жылдан бастап депутаттар, министрлер, әкімдер, барлық мемлекеттік қызметшілер, бағалы қағаздардың ірі ұстаушылары, банктердің ірі қатысушылары, сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушылары, сондай-ақ аталған адамдардың жұбайлары өз кірістерін декларациялай бастады.
Бастапқыда жоғарыда аталған адамдар активтер мен міндеттемелер туралы “кіріс” деп аталатын 250-декларацияны тапсырады. Ал кейіннен, жыл сайын кірістер мен мүлік туралы 270-декларацияны өткізеді.
Яғни, 250-нысан Декларациялау жүйесіне кірген күні жинақталған активтер мен міндеттемелерді тіркеу үшін ұсынылады және онда барлық тіркелмеген мүлік көрсетіледі.
Сондай-ақ қолда бар қолма-қол ақшаны көрсету керек, бірақ 10 000 АЕК-тен аспауы тиіс.
Ал 270-нысан декларация тапсырылған жылдың алдындағы жыл үшін алынған барлық кірістерді, оның ішінде дербес салық салуға жататын кірістерді декларациялауға арналған.
Бұл ретте салық төлеуші Салық кодексінің 341-бабына сәйкес оны түзету жолымен салық салынатын табысты азайта алады.
Салық кодексінің ережелеріне сәйкес 270-декларацияны тапсырған кезде жеке табыс салығы бойынша 240-декларацияны тапсыру талап етілмейтінін атап өткен жөн.
Сонымен қатар, біздің мамандар 270-декларацияны ұсыну міндеті жүктелмеген бағалы қағаздармен операцияларды жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін 240-декларацияны толтыру және ұсыну бойынша салық қызметтерін ұсынады.