This post is also available in:
EN (EN) RU (RU) KZ
Olympex Advisers қызметкерлері үшін «FIDIC құрылыс келісімшарттары» тақырыбында кезекті ішкі тренинг өткізілді.
FIDIC немесе Халықаралық консалтингтік инженерлер федерациясы 1913 жылы құрылған және бүгінде оның құрамына 88-ден астам елдердің бірлестіктері кіреді.
FIDIC-тің негізгі мақсаты инженерлерге кеңес беру үшін халықаралық әдістемелік негізді қалыптастыру және құрылыс жобалары бойынша бірыңғай келісім-шарттарды жасау болып табылады.
Тренинг барысында қызметкерлер FIDIC келісім-шарттарының Қызыл кітап, Сары кітап, Күміс кітап және Жасыл кітап сияқты түрлерімен және олардың жобалық қарым-қатынастардағы салдарымен танысты.
Мұндай ішкі оқыту біздің командаға халықаралық стандарттар мен озық тәжірибелерден хабардар болуға көмектеседі, бұл кәсіби өсуге және біздің қызметіміздің сапасын арттыруға ықпал етеді.