This post is also available in:
EN (EN) RU (RU) KZ
Қазақстанда алғаш рет Tax Free жүйесі іске қосылды, соның арқасында шетел азаматтары Қазақстан Республикасында сатып алынған тауарлардан ҚҚС қайтара алады. Бұл жүйе тестілік режимде Алматы қаласында орналасқан «Esentai Mall» стационарлық сауда объектісінің және Алматы қаласының халықаралық әуежайының базасында іске асырылады.
Пилоттық жобаның авторлары Қазақстанның шопинг-туризм үшін барынша тартымды болатынына сенімді. Шетелдік туристік агенттіктер салықты қайтару жүйесі жоқ елдерді өз турларына қоспайтыны белгілі. Статистика көрсеткендей, Tax Free енгізілгеннен кейін көптеген елдерде туристік ағым артып қана қоймай, сауда айналымы да айтарлықтай өсті. Көрсетілген жоба Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті әзірлеген қағидалар негізінде іске асырылады. Esentai Mall-да сауда орны бар және ҚҚС төлеуші болып табылатын салық төлеушілер Tax Free жүйесінің пилоттық жобасының қатысушылары болып танылады.
Айта кету керек, Tax free жүйесін енгізу, туристік саланы дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, 2022 жылдан бастап ұсынылған болатын. Алайда аталған сервистің халықаралық аренадағы көшбасшысы болып табылатын «Global blue» компаниясымен келіссөздер, «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ жанынан құрылған жобалау кеңсесінің жәрдемдесуі, сондай-ақ «OLYMPEX ADVISERS» ЖШС қатысуымен 2019 жылғы 15 тамыздан бастап Қазақстанда осы тетікті енгізу бойынша пилоттық жоба әзірленді.
Жоба командасы:
Миран Мауленов, Айнагуль Акишева, Акбота Наурызова, Батырхан Иралимов