This post is also available in:
EN (EN) RU (RU) KZ
Жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнамалық актілерді әзірлеуді және келісуді сүйемелдеу
- ҚР Заң жобаларын әзірлеу барысында консультациялық сүйемелдеу
- Заң жобасын әзірлеушімен (құзыретті органмен) және Қазақстан Республикасының өзге де мүдделі мемлекеттік органдарымен ескертулерді және/немесе ұсыныстарды келісу барысында консультациялық сүйемелдеу
- Заң жобаларының сараптамасынан өту кезінде сүйемелдеу
- ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесінде Заң жобаларын келісу кезінде сүйемелдеу
- KAZENERGY қауымдастығының, құзыретті органның, ҚР Парламентінің мәжілістеріне (жұмыс топтарына) қатысу
ҚР Үкіметінің Қаулыларын және үкіметаралық келісімдерді әзірлеу мен келісуді сүйемелдеу
- Olympex ADVISERS компаниясы Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастық мәселелері туралы үкіметаралық келісімге қол қоюымен, сондай-ақ «Атасу-Алашанькоу» магистральдық мұнай құбырын салуға және пайдалануға байланысты бірқатар үкіметтік қаулылармен бірге әзірленді және сүйемелденді.
- Ресей мұнайын ҚР аумағы арқылы Қытайға тасымалдау саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы РФ Үкіметі мен ҚР Үкіметі арасындағы үкіметаралық келісім
- ҚР мен РФ арасындағы Мемлекеттік ұшу-сынақ орталығын пайдалану тәртібі туралы келісім («Тайсоған» кен орнын полигоннан шығаруға қатысты)
- «Қашаған» жобасын іске асыру шеңберінде мемлекет атынан үлес алушыны айқындау және міндеттемелерді заттай нысанда орындау қағидаларын бекіту туралы ҚРҮҚ;
- Көмірсутек шикізатының кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен, тұтқырлығы жоғары, суландырылған, дебиті аз және өндірілуі азаюына жақын қалған кен орындарының санатына жатқызу қағидаларын және пайдалы қазбаларды өндіру салығы бөлігінде салық салу тәртібін бекіту туралы ҚРҮҚ әзірлеу, келісу және қабылдау
- Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын әзірлеуге қатысу және ҚРҮҚ қабылдау.
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға қосымша келісімдерді жүргізу рәсімдерін төмендегі сұраулар бойынша әзірлеу және сүйемелдеу
- жергілікті қамту
- аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы, қызметкерлерді оқыту және т. б. міндеттемелерді орындау.
- салықтық және кедендік тұрақтылық мәселелері
- модельдік келісімшартпен клиенттердің келісімшарттарын сәйкестендіру
Жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнаманы практикалық қолдану мәселелері бойынша консультация беру
- Өндірістік циклдегі (атап айтқанда, ілеспе газды кәдеге жаратуды қаржыландыру мәселелері және т. б.).
- Процедуралық ережелер бойынша (жылдық жұмыс бағдарламаларын барлық кезеңінде жаңа бағадарламаларына алмастыру және т. б.).
- Келісімшарттардың тұрақтылығы мәселелері бойынша (жергілікті қамту, салықтық, кедендік тұрақтылық)
Салықтық кеңес беру, оның ішінде халықаралық салық салу және трансферттік баға белгілеу бойынша
- ҚР-дағы табыс көздерден резидент еместердің табыстарына салық салу және қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық келісімшарттарда көзделген жеңілдіктерді қолдану бойынша консультация беру
- Мемлекеттік органдарға салық салу бойынша сұраныстарды дайындау және сүйемелдеу
- Салық заңнамасындағы өзгерістер туралы хабардар ету
- Компанияның салықтық есепке алу саясатын әзірлеу және өзектендіру;
- Салық тәуекелдерін алып тастау/ азайту бойынша практикалық ұсыныстармен сипаттау
Қызмет көрсету – салық салу мәселелерін кәсіби және уақтында шешуді жолға қоюға, салықтық тәуекелдерді алдын ала анықтауға және оларды жою жөнінде шаралар қабылдауға мүмкіндік береді. Бұл кейіннен салықтық тексерулер барысында есептеу кезінде қосымша салық салмауға септігін тигізеді.
Салықтық есептеуді салықтық тексеруге дайындау
Салықтық тексерулердің нәтижелері салықтық есептеуді жүргізудің дұрыстығына, сондай-ақ қалыптасқан практиканы және салық органдарының салық заңнамасының нормаларын ағымдағы түсіндіруін ескере отырып, тексеру жүргізу алдында оны өзектілендіруге тікелей байланысты.
Olympex Advisers клиенттердің салықтық есебін дайындау кезінде салықтық тексерулерді сүйемелдеудің өзекті тәжірибесіне негізделген және олардың нәтижелеріне шағымдануда үлкен тәжірибеге ие. Қызмет көрсету – бастапқы құжаттарды тексеруден және жоспарланатын салықтық тексеру кезеңі үшін салықтарды есептеуден, қажетті ақпаратты дайындаудан, сондай-ақ анықталған тәуекелдерді түзетуден және жою бойынша ұсыныстар әзірлеуден тұрады.
Салықтық тексеруді сүйемелдеу
- Салық тексеруін жүргізу кезінде туындайтын салық мәселелері (оның ішінде трансферттік баға белгілеу бойынша) клиенттің мүдделерін қорғау
- Тексеру жүргізушілерге клиенттің ұстанымының нормативтік негізделген дәлелдемелерін ұсынып, жазбаша қорытындылар дайындау
- Тексеру жүргізушілерден алдын ала келіп түскен шағымдарды талдау және шағымдану қортындыларын бағалау
- Салықтық тексеру барысында клиенттің қызметкерлеріне кеңес беру
- Тексеру жүргізушілер іс-әрекеттері мен талаптарының заңдылығын бақылау
Olympex Advisers қызметкерлері салықтық тексеру барысында көтерілген барлық мәселелердің 70-тен 90% – на дейін заңды түрде негізделіп, дәлелденген және клиенттің пайдасына шешілген. Біздің тәжірибеміз негізсіз үстеме салық есептеулерге жол бермеу, сондай-ақ қажет болған жағдайда сотқа дейінгі және сотқа салықтық тексеру нәтижелеріне шағымдануға сапалы дайындалуға мүмкіндік береді.
Салықтық аудит
- Салық салынатын базаны анықтау кезінде дұрыстығын бағалау.
- Салық жеңілдіктерін қолданудың заңдылығын бағалау
- Салық және төлемдердің барлық түрлері бойынша салық міндеттемелерін есептеудің дұрыстығын бағалау.
- Салық заңнамасының нормаларын дұрыс қолданбаған жағдайда клиент үшін салық салдарын есептеу
- Салық тәуекелдерін азайту / алып тастау бойынша ұсыныстар
- Салықтар бойынша айыппұл санкцияларын азайту
Салықтық аудит барысында Olympex Advisers қызметкерлері компанияның салықтық есебінің ағымдағы жай-күйін дұрыс бағалау, клиенттер үшін қателерді уақтында кәсіби анықтау түрде салықтық тәуекелдерді едәуір төмендетеді.
Салық заңнамасына өзгерістер енгізуді сүйемелдеу
Салық заңнамасы, практикалық қызмет барысында ағымдағы жағдайды ескере отырып, Салық заңнамасы өзгерістерге және өзектендіруге алып келеді. Қолданыстағы заңнама деңгейінде шешілмейтін салық салу мәселелері бойынша, проблемалар болған кезде, салық төлеушілерде заңнаманы өзгерту қажеттілігі туындайды.
Olympex Advisers Қазақстан салық төлеушілер қауымдастығының қазіргі мүшесі және “KAZENERGY” қауымдастығының қазіргі кеңесшісі болып табылады, салық заңнамасын әзірлеуге, келісуге және өзгерістер енгізуге белсенді қатысады. Мемлекет тарапынан Заң жобаларын қарау процесінде атқарылған жұмыс қорытындысында, салық заңнамасына бірқатар ұсыныстар мен ескертулер қабылданған болатын, олардың кейбіреулері біздің клиенттеріміздің салықтық тексерулеріне шағым жасау кезінде оң нәтижесін берді.
Салықтық есепке алу саясатын әзірлеу / өзектендіру
Салықтық есеп саясаты салық органдарына салықтық бақылауды жүзеге асыру бойынша ақпарат беру мақсатында ғана емес, сонымен қатар салық төлеушінің барлық операцияларын салықтық есепке алу тәртібі туралы толық және сенімді ақпарат қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Салықтық есепке алу саясатын жасауға/өзектілендіруге егжей-тегжейлі және білікті көзқарас компанияға салықтық жоспарлау рәсімдерін табысты жүргізуге, салықтық есепке алуды жүргізудің қолданылатын тәртібін нақтылауға мүмкіндік береді және салықтық тексерулер жүргізу кезінде салықтық заңнаманың әртүрлі қолданылуын болдырмауға мүмкіндік береді.
Olympex Advisers Қазақстанның салық төлеушілерінің ассоциясының қазіргі мүшесі және «KazEnergy» қауымдастығының қазіргі кеңесшісі болып табылады, мамандар жаңа Салық кодексін әзірлеуге, атап айтқанда жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу және халықаралық салық салу мәселелері бойынша тікелей қатысты.
Трансферттік баға белгілеу
- Трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша салық тәуекелдеріне сараптамалық талдау көрсету бойынша қызметтер
- Келісімдер мониторингі бойынша есептілікті дайындау бойынша қызметтер
- Трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша уәкілетті органдардың тексерулерін сүйемелдеу жөніндегі консультациялық қызметтер
- Трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша тексеру нәтижелерінің хабарламаларына шағымдану жөнінде қызметтер;
- Қазақстан Республикасының ішкі нарығына және экспорттық бағыттарға тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сату кезінде формулалық баға белгілеу әдістемесін әзірлеу бойынша қызметтер;
- «Трансферттік баға белгілеу туралы» ҚР Заңы 10-бабының 10-тармағына сәйкес баға белгілеу қағидаларын (әдістемесін) бекіту бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын әзірлеу және сүйемелдеу.
Сотқа дейінгі және сот консалтингі
Клиенттердің сотқа дейінгі және сот тәртіптеріндегі өкілдігі және мүдделерін қорғау:
- салықтық (трансферттік баға белгілеуді қоса алғанда), кедендік және экологиялық даулар бойынша
- жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың міндеттемелерінен туындайтын даулар бойынша
- коммерциялық және төрелік даулар бойынша
- ҚР министрліктерінің хаттамалық шешімдерін қоса алғанда, уәкілетті мемлекеттік органдардың шешімдеріне шағымдану даулар бойынша
- тағы басқа да даулар бойынша.
Olympex кеңесшілері клиенттерге толық заңгерлік көмек көрсетеді:
- уәкілетті мемлекеттік органдарда
- ҚР барлық сот инстанцияларында, соның ішінде Нұр-Сұлтан қаласының соты және ҚР Жоғарғы Соты жанындағы мамандандырылған инвестициялық алқаларда, сонымен қатар:
- қабылданған шараларға (оның ішінде қамтамасыз ету және жазалау) шағымдану
- әкімшілік іс жүргізу кезінде шағымданғанда кеңес беру
- атқарушылық іс жүргізу шеңберінде консультация беру (оның ішінде сот шешімдерін орындауды кейінге қалдыру/бөліп төлеу мәселелері бойынша) және т. б.
- төрелік талқылау процесінде және т. б.
Сотқа дейінгі және сот тәртібінде клиенттердің мүдделерін білдірудің тиімділігі 80% – дан жоғары.
Olympex Advisers жобалық-қаржылық талдау аясында келесі жұмыстарды жүргізеді:
- Компанияның қаржы-шаруашылық қызметін талдау және экономикалық тиімділігін арттыру бөлігінде ұсыныстар әзірлеу;
- Жобаларды қаржы-экономикалық модельдеу және бизнес-жоспарларды әзірлеу;
- Заңнамалық түзетулер мен НҚА жобаларын әзірлеу, сондай-ақ қажетті қаржы-экономикалық негіздемелер мен есептерді дайындау
- Қарастырылатын жоба бойынша маркетингтік шолу
Салықтық модельдеу (салық жүктемесін есептеу, оның ішінде ұзақ мерзімді болжам және компания қызметінің тиімділігіне әсерін бағалау):
- Салық жүктемесін есептеу
- Әртүрлі фискалдық жағдайларда бизнесті дамыту сценарийлерін әзірлеу
- Қосымша қаржыландыруды тарту қажеттілігі туралы шешім қабылдау мақсатында ақша ағынын есептеу
- Салық төлеушілердің фискалдық режиміне салыстырмалы экономикалық талдау жүргізу, оның ішінде өнеркәсіптің түрлі салалары
Қаржылық модельдеу (инвестициялық жобалардың бизнес-жоспарларын және қаржы-экономикалық модельдерін әзірлеу):
- инвестициялық жобаларды бағалау, инвестициялық бағдарламаны қалыптастыру және қайта қарау;
- ақша ағындарын және компанияның қаржылық жағдайының динамикасын болжау
- бизнес-жоспардың қаржылық есептеулерін жүргізу
- қаржыландырудың оңтайлы нұсқаларын, оның көлемі мен құрылымын анықтау
- тұрақты бизнес жоспарлауды және инвестициялық шешімдер қабылдау процесін белгілеу.
- бизнесті одан әрі дамытудың түрлі сценарийлерін модельдеу және бағалау
Корпоративтік басқару бизнестің тұрақты дамуын қамтамасыз етудің негізгі факторы және басқарушылық-инвестициялық шешімдер қабылдау кезінде маңызды критерийлердің бірі болып табылады. Бүгінгі нарықтық экономикада және жаһандану жағдайында корпоративтік басқарудың маңыздылығы артып келеді. Себебі, корпоративтік басқару барлық акционерлердің (үлкен немесе кіші) мүдделерін қорғауға кепілдік беретін ашықтықты қамтамасыз етудің маңызды тәсілі болып табылады. Корпоративтік басқару деңгейі төмен болса, компанияның алға қойған мақсаттарына жете алмауына немесе компанияның құлдырауына және акционерлер үшін айтарлықтай қаржылық шығындарға әкелуі мүмкін.
Olympex Advisers корпоративтік басқару саласында келесі жұмыстарды жүргізеді:
- Директорлар Кеңесінің және оның комитеттерінің жұмыс нәтижелерін талдау, соның ішінде Директорлар Кеңесінің қызметіне байланысты құжаттар мен рәсімдерді талдау
- Директорлар Кеңесінің қызметін талдау нәтижелері бойынша есеп дайындау
- Директорлар Кеңесінің, оның комитеттері мен Корпоративтік хатшының жұмысын дамыту және жетілдіру бойынша ұсыныстар мен жоспар әзірлеу;
- Келісімдер жасау кезінде корпоративтік басқару тәуекелдерін бағалау, IPO жүргізу кезінде жәрдемдесу және корпоративтік басқару жүйесі дайындығын бағалау.
- Жалдамалы менеджментті тиімді мониторингтеу және бақылау мақсатында корпоративтік басқаруды жолға қою.
- Корпоративтік басқару кодексін, іскерлік этика кодексін және басқа да ішкі корпоративтік құжаттарды әзірлеу;
- Бизнестің ашықтығын арттыру мәселелері бойынша кешенді кеңес беру;
Olympex Advisers бірігу және қосып алу, сондай-ақ активтерді сату/сатып алу бойынша келісімдерге жан-жақты қолдау көрсетеді. Біздің негізгі артықшылығымыз – клиенттің жеке қажеттіліктерін ескере отырып, «толық аяқталғанға дейін» мәселені шешу. Olympex Advisers сарапшылары неғұрлым тиімді келісім жасау мақсатында корпоративтік және жеке клиенттерді сүймелдеуді жүзеге асырады, осыған байланысты келісімнің барлық кезеңдерінде (оның ішінде инвестиция алдындағы талдау) қаржылық консультация беруді жүргізеді.
Келісімдерді сүйемелдеу шеңберінде Olympex Advisers келесі жұмыстарды жүргізеді:
- Құқықтық аудит (legal due diligence)
- Бірігу және қосып алу процестерін сүйемелдеу (Mergers & Acquisitions)
- Жекешелендіру процесін құқықтық сүйемелдеу
- Кеңес беру және әртүрлі құқықтық қорытындыларды дайындау
- Құқықтық сияқты өзге де қызметтер
Құқықтық аудит (legal due diligence)
Келісімге кіру туралы стратегиялық шешім қабылдау үшін, мысалы, активтерді сатып алу/сату немесе қайта құру туралы көбінесе активтердің жай-күйіне толық құқықтық баға алу қажет. Мұны құқықтық аудит нәтижесінде жасауға болады.
- Акционердің/қатысушының құқықтық мәртебесі
- Корпоративтік құжаттардың заңдылығы;
- Сот даулары
- Басқару органдарының қызметі
- Активтер және оларға қойылған шектеулер
- Еңбек мәселелері
- Лицензиялар мен рұқсаттар
- Сақтандыру. Басқа компаниялардағы акцияларды/үлестерді сатып алу
- Мемлекеттік органдардың шағымдары
- Басқа мәселелер
Құқықтық аудит жүргізу нәтижесінде мынадай мүмкіндік пайда болады:
- Қажетті актив/оқиға, сондай-ақ бар тәуекелдер туралы толық объективті ақпарат алу;
- Жоспарланған келісімге қатысты оңтайлы шешімді анықтау.
Бірігу және қосып алу келісімдерін сүйемелдеу (Mergers & Acquisitions)
Olympex Advisers сарапшылары бірігу және қосып алу келісімдерін толық сүйемелдеу, оның ішінде консультациялар беру және мынадай құжаттарды әзірлеу жолымен жүзеге асырады:
- Серіктестік туралы келісім
- Қатысушылар келісімі / Қатысушылар келісімшарты
- Бірлескен қызмет туралы келісім
- Жарғы
- Компанияны қайта құру туралы келісім
- Активтерді сату туралы келісім
Квазимемлекеттік сектор компанияларының активтерін жекешелендіру
Осы бағыт шеңберінде Olympex Advisers келесі міндеттерді атқарады:
- Активтерді жекешелендіру стратегиясын әзірлеуге қатысу
- Активтерді сату бойынша дайындық іс-шараларына қатысу
- ҚР экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиядан өту үшін құжаттарды дайындауға қатысу
- Конкурстық және өзге де құжаттаманы әзірлеу
- Сауда-саттыққа қатысушылар ұсынатын құжаттарды талдау
- Активтерді сату бойынша келісімдерді сүйемелдеу.
Заңдар мен заңнамаларды әзірлеу және сүйемелдеу
Olympex Advisers экономиканың түрлі салаларында заң жобалары мен басқа да нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу және сүйемелдеу бойынша бірегей тәжірибесі бар. Олардың ішінде:
- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 5 қаңтардағы «Трансферттік бағаларды қолдану кезіндегі мемлекеттік бақылау туралы» Заңы және оған қатысты нормативтік құқықтық актілер;
- Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі «Трансферттік баға белгілеу туралы» Заңы және оған қатысты нормативтік құқықтық актілер;
- «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне трансферттік баға белгілеу және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 9 маусымдағы №288-IV Заңы;
- «Газ және газбен жабдықтау туралы» 2011 жылғы 9 желтоқсандағы ҚР Заңы;
- «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы ҚР Заңы;
- «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 3 желтоқсандағы ҚР Заңы;
- «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері туралы» 2014 жылғы 10 маусымдағы ҚР Заңы;
- «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инвестициялық ахуалды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 12 маусымдағы ҚР Заңы;
- «Назарбаев Университеті» инновациялық кластерін құруға және қызметіне қатысты ережелерімен бірге «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дербес білім беру ұйымдарының қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 21 маусымдағы ҚР Заңы;
- «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы ҚР Заңы;
- «Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» 2016 жылғы 14 қаңтардағы ҚР Заңы;
- Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодексін» әзірлеуге қатысу (2016 ж.)
- «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 11 мамырдағы Заңы;
- «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 13 маусымдағы Заңы;
- 2017 жылғы 27 желтоқсандағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Кодексі;
- ҚР Экологиялық кодексінің тұжырымдамасы (2018 ж.);
- «Astana Hub» Халықаралық IT-стартаптар технопаркінің жұмыс істеуі мақсатында салық заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бөлігінде 2018 жылғы 26 желтоқсандағы ҚР Заңы;
- «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» тұжырымдаманың және заңның жобасы (2018 – 2019 жылдар).
Халықаралық салық салу мәселелері бойынша қызметтер
Қызмет бейрезидент пен ҚР салық төлеушісі арасында мәмілелер жасау кезінде ұлттық заңнама мен халықаралық құқықтың ережелерін уақтылы және заңды түрде қолдануға мүмкіндік береді, оның ішінде салықтық тәуекелдердің пайда болуын ерте кезеңде болдырмайды және осылайша ҚР-да бизнесті жоспарлау мен жүргізу үшін қолайлы жағдай жасайды.
- бейрезидент пен салық агенті арасында мәмілелер жасау кезінде ұлттық заңнама шеңберінде салық міндеттемелерінің туындау мәніне қатысты консультация беру;
- Қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарт/салық келісімдеріне қатысты шараларды орындау жөніндегі көпжақты Конвенция шеңберінде салық базасының бұлыңғырлануына және салық салудан түсетін пайданы (MLI) шығаруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында салықтық жеңілдіктердің болуы/ болмауы тұрғысынан консультация беру;
- бейрезидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемесінің (филиалдың, өкілдіктің) бас кеңсенің басқарушылық және жалпы әкімшілік шығыстарын шегерімге жатқызу тәртібі бойынша консультация беру;
- Қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарттың ережелерін қолдану үшін салық агенттеріне ұсынылған бейрезиденттердің резиденттік сертификаттарының Салық кодексінің талаптарына сәйкестігі тұрғысынан консультация беру;
- Халықаралық салық салу бойынша салықтық аудитті жүргізу, оларды алып тастау/ азайту бойынша практикалық ұсынымдармен мүмкін болатын салықтық тәуекелдерді сипаттау.
- Бейрезидент немесе салық агенті алу үшін салық органына салықтық өтінішті сүйемелдеу және беру:
- бейрезиденттің резиденттік елінде кейіннен есепке жатқызу үшін ҚР – да алынған кірістер мен ұсталған (төленген) салықтар туралы анықтама;
- шет мемлекеттерде қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарттарды қолдану мақсатында ҚР резиденттік сертификаты;
- Төлем көзінен ұсталған және бюджетке аударылған табыс салығын ҚР мемлекеттік бюджетінен қайтаруға салықтық өтінішті сүйемелдеу және салық органына беру;
- Халықаралық салық салу мәселелері бойынша, оның ішінде ұсталған және аударылған табыс салығын ҚР бюджетінен қайтару бойынша тақырыптық салықтық тексеруді сүйемелдеу;
- Шет мемлекеттің бюджетінен шетелдік ҚҚС қайтаруды сүйемелдеу;
- Халықаралық салық салу мәселелері бойынша салықтық бақылау нәтижелері бойынша хабарламаларға шағымдану;
- Халықаралық салық салу мәселелері бойынша корпоративтік оқыту семинарларын өткізу.
Аудит пен бухгалтерлік қызметтің
«UDB HOLDING» ЖШС аудит пен бухгалтерлік қызметтің жаңа бағытын ашуда
«UDB HOLDING» ЖШС қызметі аясында аудит және бухгалтерлік қызмет көрсету бойынша жаңа бағыттың ашылуы туралы хабарлауға қуаныштымыз. Бұл стратегиялық шешім аудит, бухгалтерлік және салықтық есеп, сондай-ақ қаржылық кеңес беруді қоса алғанда, кәсіби қызметтердің толық кешенін ұсынуға бағытталған.
Холдингтің мамандандырылған бөлімшесі – «UDB Audit&Accounting» ЖШС – бұл саланы басқарады және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аудиторлық қызмет көрсетуге қажетті лицензиялары бар.
Аудиторлық қызметтер
«UDB Audit&Accounting» ЖШС аудиторлық қызметтері «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 20 қарашадағы № 304-I Заңының талаптарына сәйкес қаржылық есептілікке және клиенттеріміздің қызметіне қатысты басқа ақпаратқа кешенді талдау жүргізуді қамтиды.
«UDB Audit&Accounting» ЖШС мамандары аудиттің келесі түрлерін көрсетеді:
- Жергілікті және халықаралық стандарттарға сәйкес қаржылық есеп беру аудитін жүргізу.
- Квазимемлекеттік сектор субъектілері үшін ішкі аудит және арнайы мақсатты аудит, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың шығыстарының аудиті.
- Есеп саясатын әзірлеу, салық аудитін, бизнес-процестердің аудитін және сапаны бақылау жүйелерін қоса алғандағы тиісті қызметтер.
- Due diligence (Дью дилидженс) және қаржылық сараптама.
Бухгалтерлік қызмет
Бухгалтерлік қызметтер аутсорсинг негізінде көрсетіледі, бұл клиенттерге компаниядан тыс негізгі емес функцияларды жылжытуға және оларды кәсіпқойларға беруге мүмкіндік береді. «UDB Audit&Accounting» ЖШС мамандары бухгалтерлік есеп операцияларын толық қамтамасыз етеді және оған мыналар кіреді:
- Бастапқы құжаттаманы жүргізу.
- Жалақы және кадрлық есеп.
- Салық және статистикалық есептерді жасау және ұсыну.
- Қаржылық есептілікті қалыптастыру.
- Жалпы декларация.
- Заңды тұлғаларды және жеке кәсіпкерлерді тіркеу, қайта тіркеу және жабу.
- Бухгалтерлік және салықтық есептерді қалпына келтіру.
- Бухгалтерлік есеп және салық мәселелері бойынша кеңес беру және оқыту.
Жаңа бағыттың ашылуы «UDB HOLDING» ЖШС-нің кәсіби қызметтер нарығындағы позициясын нығайтуға, біздің клиенттерімізге халықаралық сапа стандарттарына және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін шешімдерді ұсынуға көмектеседі.
Толық ақпарат алу үшін «UDB Audit&Accounting» ЖШС мамандарына хабарласыңыз. Біз сіздің қажеттіліктеріңізге бейімделген жеке шешімдерді ұсынуға қуаныштымыз.
☎️ +7 (776) 888 09 80 — Ғалия Құрмансейітова, компания басшысы
☎️ +7 (701) 081 75 91 – Сара Улықпанова, бухгалтерлік қызмет көрсету тобының директоры.