This post is also available in:
EN (EN) RU (RU) KZ
2014 жылы OLYMPEX ADVISERS Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен және халықаралық органдармен Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі шешімінің жобасын әзірлеуге және келісуге құқықтық қолдау көрсетті. Осы шешіммен Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 329 шешімімен бекітілген оларға қатысты арнайы кедендік рәсім белгіленетін тауарлар санаттарының тізбесіне және оларды осындай кедендік рәсімге орналастыру шарттарына Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуді қамтамасыз ету үшін өзгерістер енгізілді.
Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2014 жылғы 16 шілдедегі №50 шешімі негізінде Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін және Астана қаласында «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыруға және өткізуге арналған шетелдік тауарлар кедендік баждарды, салықтарды төлемей, сондай-ақ тарифтік емес және техникалық реттеу шараларын қолданбай Қазақстан Республикасының аумағында арнайы кедендік рәсіммен орналастырылады.
Жоба командасы
Миран Мауленов, Акбота Наурызова