This post is also available in:
EN (EN) RU (RU) KZ
Осы жоба шеңберінде «Инвестициялық саясат бойынша Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) шолу: Қазақстан – 2012» есебіне талдау жүргізілді, сондай-ақ халықаралық тәжірибе зерделенді және Қазақстандағы инвестициялық ахуал мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормалары талданды.
Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі заңнамасын жетілдіру бойынша мынадай салаларда ұсыныстар мен ұсынымдар әзірленді:
- шетелдік инвесторлардың халықаралық төрелікке қолжетімділігін кеңейту
- мемлекеттік-жеке меншік әріптестік механизмі арқылы инфрақұрылымдық жобаларға шетелдік инвесторлардың қатысуын кеңейту
- мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет қатысатын кәсіпорындарда корпоративтік басқаруды енгізу (бәсекеге қабілеттілікті, тиімділік пен ашықтықты арттыру, басқарудың нарықтық қағидаларына сәкестендіру)
- инвестицияларды ынталандырудың ашықтығын қамтамасыз ету және басым салалардағы инвестициялық жобалар үшін заңнаманың өзгеруінен кепілдіктер беру арқылы инвестициялық ахуалдың тартымдылығын арттыру
- Қазақстанда зияткерлік меншікті қорғау жүйесін халықаралық стандарттарға сәкестендіру.
- инвестициялар үшін салық және кеден режимін жақсарту
Жоба командасы:
Миран Мауленов, Акбота Наурызова, Нуржан Турчикенов