This post is also available in:
EN (EN) RU (RU) KZ
Olympex Advisers сарапшылары Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне бағалы металдар мен асыл тастар айналымын реттеу саласындағы қолданыстағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсетті.
Осы жоба шеңберінде «Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалы металдар мен асыл тастар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын әзірлеуден бастап, Қазақстан Республикасы Парламентінің екі палатасының қабылдауына дейін консультациялық қызметтер көрсетілді.
Заң жобалары бағалы металдар мен асыл тастар өндірісі мен айналымы, бағалы металдармен және асыл тастармен операцияларды мемлекеттік реттеу және бақылау саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеудің бірыңғай заңнамалық негізін қалыптастырады, ұлттық заңнаманы Кедендік одақ заңнамасымен сәкестендіреді, сондай-ақ тау-кен және зергерлік өнеркәсіпті дамыту үшін жағдайлар жасайды.
Жоба командасы:
Миран Мауленов, Сакен Тұрғынбек, Ануар Жунисбеков