This post is also available in:
EN (EN) RU (RU) KZ
Жоба шеңберінде 2013 жылы OLYMPEX ADVISERS мамандары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу және сүйемелдеу бойынша консультациялық қызметтер көрсетті.
Заң жобасы Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған, бұл ЭКСПО-2017 өткізу үшін қажетті инфрақұрылым құрылысына инвестициялар тартады, ЭКСПО-2017 келушілері мен қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, жаңа инновациялық технологияларды енгізуге, туристік саланы дамытуға және Қазақстан Республикасының «жасыл» экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесетін болады.
Осы жоба шеңберінде әртүрлі елдерде ЭКСПО халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуді заңнамалық қамтамасыз етудің халықаралық тәжірибесіне зерттеу және талдау жүргізілді; заң жобаларын мемлекеттік органдарға, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне қарауға және келісуге енгізу үшін материалдар дайындалды; тұжырымдаманы әзірлеуден бастап заң жобалау жұмысының барлық кезеңдерінде заң жобасын келісуді консультациялық сүйемелдеу жасады.
Сондай-ақ OLYMPEX ADVISERS Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен және халықаралық органдармен Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі шешімінің жобасын әзірлеуге және келісуге құқықтық қолдау көрсетті. Осы шешіммен Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 329 шешімімен бекітілген оларға қатысты арнайы кедендік рәсім белгіленетін тауарлар санаттарының тізіміне және оларды осындай кедендік рәсімге орналастыру шарттарына Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуді қамтамасыз ету үшін өзгерістер енгізілді.
Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2014 жылғы 16 шілдедегі № 50 шешімі негізінде Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін және Астана қаласында «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыруға және өткізуге арналған шетелдік тауарлар кедендік баждарды, салықтарды төлемей, сондай-ақ тарифтік емес және техникалық реттеу шараларын қолданбай Қазақстан Республикасының аумағында арнайы кедендік рәсіммен орналастырылады.
Жұмыстың нәтижесі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 151-V Қазақстан Республикасының Заңын қабылдау болды.
Жоба командасы:
Миран Мауленов, Акбота Наурызова, Нуржан Турчикенов