This post is also available in:
EN (EN) RU (RU) KZ
Салықтық есепке алу саясатын әзірлеуге/өзектілендіруге егжей-тегжейлі және білікті қадам салықтық жоспарлау рәсімдерін табысты жүргізуге мүмкіндік береді, салықтық есепке алуды жүргізудің қолданылатын тәртібін нақтылайды және салықтық тексерулер жүргізу кезінде салық заңнамасының әртүрлі оқылуын болдырмауға мүмкіндік береді.
OLYMPEX ADVISERS Қазақстан салық төлеушілер қауымдастығының және «KazEnergy» қауымдастығының қазіргі мүшесі болып табылады, OLYMPEX ADVISERS сарапшылары жаңа Салық кодексін әзірлеуге қатысқан.
2018 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексінің енгізілуі салық кодексінің құрылымының, баптардың реттік нөмірлерінің, сондай-ақ олардың мазмұнының өзгеруіне байланысты қолданыстағы Салық есебі саясатының өзектілігін жоғалтуына алып келді. Салық салу және салықтық әкімшілендіру жүйесіндегі маңызды жаңалықтар күшіне енді. Осыған байланысты барлық салық төлеушілер үшін жаңа Салық кодексінің талаптарына сәйкес келетін салықтық есепке алу саясатын (бұдан әрі – ЕАС) әзірлеу қажеттігі туралы мәселе өзекті болып отыр.
OLYMPEX ADVISERS жаңа Салық кодексінің ережелеріне сәйкес жер қойнауын пайдаланушылардың салықтық есепке алу саясатын әзірлеуде, сондай-ақ рентабельділігі төмен, тұтқырлығы жоғары суландырылған, дебиті аз және сарқылған кен орны санатына жатқызылған кен орны бөлінісінде бөлек салықтық есепке алуды жүргізу әдістемесін әзірлеуде, салықтық есепке алу саясаты мен бөлек салықтық есепке алуды жүргізу әдістемесі арасында өзара байланыс орнатуда табысты тәжірибеге ие.
Есепке алу саясатында бөлек салықтық есепке алуды жүргізу тәртібі болмаған және/немесе мұндай тәртіп салық салу қағидаттарына сәйкес келмеген жағдайда, салық органдары салықтық бақылауды жүзеге асыру барысында әрбір келісімшарттық қызмет үшін «тікелей» кірістердің үлес салмағы бойынша «жалпы» және «жанама» кірістер мен шығыстарды бөлуге құқылы екенін атап өту қажет.
Рентабельділігі төмен, тұтқырлығы жоғары суланған, дебиті аз және сарқылған кен орнын игеру кезінде келісімшарттық қызмет бойынша салық міндеттемесін есептеу үшін салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің бөлек салықтық есебін жүргізуді жеңілдету үшін жер қойнауын пайдаланушы компанияларға салықтық есепке алу саясатымен қатар бөлек салықтық есепке алуды жүргізу әдістемесін (бұдан әрі – әдістеме) бар болуын ұсынамыз. Тиісінше, бұл әдіс салықтық есеп саясатымен өзара байланысты болуы керек.
Әдістеменің негізіне бухгалтерлік және салықтық есептің нақты деректерін бөлудің негізгі түйінді және қосалқы тетіктері мен әдістері салынады, соның нәтижесінде осы кен орнының рентабельділігін айқындау мақсатында кен орындары бөлінісінде, оның ішінде тұтқырлығы жоғары кен орны бойынша да жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір келісімшарт бойынша салықтық есепке алуды бөлуге мүмкіндік береді. Атап айтқанда, кен орындарының рентабельділігін айқындау мақсатында кен орындары бөлінісінде жер қойнауын пайдаланушының жылдық жиынтық табысын және салық шегерімін есептеу тәртібін айқындауға мүмкіндік береді.
Жоба командасы:
Галымжан Жакупов, Дана Омарова