This post is also available in:
EN (EN) RU (RU) KZ
Бүгін Legal Month 2024 аясында
@mnu.kz Olympex Advisers компаниясының жобаларды құқықтық сүйемелдеу тобының директоры Токина Айдана «Legal Due Diligence: табысты мәміленің кілті» тақырыбында дәріс оқыды.
Өз баяндамасында Айдана құқықтық аудиттің негізгі аспектілерін ашып, оның M&A мәмілелеріндегі маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, құқықтық тәуекелдерді анықтау мен талдаудың маңыздылығы, тексеру кезеңдері – құжаттарды сұратудан бастап ұсыныстар дайындауға дейін – туралы егжей-тегжейлі баяндап, тәжірибеден алынған нақты мысалдармен бөлісті.
Шара барысында Olympex Advisers компаниясының кадрлық мәселелер жөніндегі HR-менеджері Құланбаева Ардақ студенттерге компанияда тәжірибеден өту мүмкіндіктері мен болашақ жұмысқа орналасу перспективалары туралы айтып берді.
Студенттер үшін бұл өз білімдерін тәжірибеде қолдану жолдарын білуге және Қазақстанның жетекші консалтингтік компанияларының бірінде мансап құру мүмкіндіктерімен танысуға таптырмас мүмкіндік болды.
Olympex Advisers сарапшыларының болашақ заңгер мамандарды шабыттандырып, өз білімдерімен бөлісетінін мақтан тұтамыз!