This post is also available in:
EN (EN) RU (RU) KZ
«Астана» халықаралық қаржы орталығында OLYMPEX ADVISERS филиалы тіркелді, ол консалтингтік және заңгерлік қызмет көрсетуге лицензия алды.
? АХҚО-ның құқықтық базасы Конституциялық заңға, сондай-ақ әлемнің жетекші қаржы орталықтарының стандарттарын ескере отырып, Англия мен Уэльс құқығының принциптеріне, нормаларына және прецеденттеріне негізделген.
Біз АХҚО-да келесі қызметтерді ұсынамыз:
? Түрлі ұйымдық-құқықтық нысандағы компанияларды тіркеуді қолдау
? Реттелетін қызмет түрлеріне лицензия алу рәсімдерін қолдау
? АХҚО-дағы компанияларды сатып алу операцияларын және АХҚО заңнамасымен реттелетін мәмілелерді қолдау
? Сотта және АХҚО төрелік орталығында мүдделерді білдіру
? АХҚО заңнамасына қатысты мәселелер бойынша кеңес беру
?Салық салу, халықаралық салық салу және трансферттік бағалар бойынша кеңес беру
? Жеке және заңды тұлғаларға қатысты санкциялар мен тиісті тексеру мәселелері бойынша дәлелдемелерді және заңды қорытындыларды дайындау