This post is also available in:
EN (EN) RU (RU) KZ
Olympex ADVISERS сарапшылары Stadler компаниялар тобы үшін теміржол тасымалы құрылымынан заңдық аудит (due diligence) және қазақстандық компанияға салықтық шолу жүргізу бойынша қызметтерді табысты көрсетті.
OLYMPEX ADVISERS командасы компанияның бұрынғы қызметіне байланысты тәуекелдерді анықтау мақсатында Компанияның қызметіне талдау және бағалау жүргізді, атап айтқанда:
- 2016 жылдан 2021 жылға дейінгі кезеңде салықтық есепке алудың дұрыстығын тексеру (салықтық шолу). Қызмет салықтарды есептеу мен төлеудегі қателіктерді анықтау үшін шаруашылық жүргізуші субъектінің салықтық және бухгалтерлік есептілігіне талдау жүргізуден тұрады;
- Қазақстан Республикасының құқығы бойынша 2018-2021 жылдар аралығындағы кезең ішінде Компанияның қызметіне құқықтық талдау жүргізу, оған мынадай салалар кіреді:
– корпоративтік мәселелер;
– лицензиялар мен рұқсаттар;
– соттық даулар және атқарушылық іс жүргізу;
– экологиялық заңнаманы сақтау;
– монополияға қарсы заңнаманы сақтау;
– мемлекеттік органдармен жүргізілген тексерулер;
– негізгі және маңызды келісімшарттар.
Қызмет көрсету нәтижесінде Клиентке салық есебін жүргізудің жай-күйі және компания қызметі туралы кемшіліктерді жоюға бағытталған қолда бар ұсынымдармен бірге толық қорытынды ұсынылды.
Жобалық команда: Кнатов Бауыржан, Нұркеев Данияр, Омарова Дана, Агуанова Әсел, Ақышева Айнагүл, Ермағамбетова Эльмира, Коптлеуова Әсел, Сатиев Манат, Сәбит Әсем, Токина Айдана, Нұралы Айкен, Мұқатаева Динара, Оразов Шынтас, Қажина Аружан, Оразбаева Гаухар.