This post is also available in:
EN (EN) RU (RU) KZ
Осы қызметті көрсету барысында OLYMPEX ADVISERS сарапшылары тексеруші тұлғалар тарапынан мүмкін болатын қосымша есептеулердің талдауын жүзеге асырды, оларға жер қойнауын пайдаланушының салық заңнамасын қолданудың заңдылығы туралы негіздемелер мен дәлелдемелер ұсынылды. Сондай-ақ салықтық тексеру барысында қызметкерлерге жедел кеңес беру жүзеге асырылды, бірқатар даулы мәселелер бойынша кеңестер ұсынылды.
Салықтық тексеру нәтижелеріне OLYMPEX ADVISERS сарапшылары жоғары тұрған және уәкілетті салық органына шағым түсірді.
Шағым беру кезінде салықтық тексеруді сүйемелдеу барысында әзірленген дәлелдер мен негіздемелер тиімді пайдаланылып, соның қорытындысы, салықтық тексеру нәтижелері бойынша қоса есептелген барлық сома (100%) уәкілетті органның шешімімен заңсыз деп танылып, хабарламаның күші жойылды.
Жоба командасы:
Галымжан Жакупов, Марина Сергина, Дана Омарова