This post is also available in:
EN (EN) RU (RU) KZ
Жоба бірқатар нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының салық заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздеді.
Қызмет көрсету барысында «Міндеттемелерді заттай түрінде (мұнай түрінде) орындау қағидаларын бекіту туралы», «Мемлекет атынан Қазақстан Республикасы өз үлесін алушыны айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының жобаларын дайындау бойынша жұмыс жүргізілді.
Olympex Advisers сарапшылары нормативтік құқықтық актілерді мүдделі мемлекеттік органдармен (Премьер-Министрдің Кеңсесі, Ұлттық экономика министрлігі, Қаржы министрлігі, Әділет министрлігі, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, сондай-ақ аккредиттелген ұйымдармен және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерімен) келісу процесінде сүйемелдеуді жүзеге асырды.
Компания сарапшыларының белсенді қатысуымен нормативтік құқықтық актілердің жобалары қысқа мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметімен қабылданып, бекітілді.
Бұдан басқа, жобада баға белгілеу, бөлек салықтық есепке алу әдістемесін әзірлеу үшін қаржы-экономикалық есептеулер, сондай-ақ мемлекет өз үлесін берудің және өткізудің әзірленген схемасы бойынша салықтық тәуекелдерге талдау мен бағалау жүргізу көзделген.
Жоба командасы
Миран Мауленов, Галымжан Жакупов, Дияр Ерешев, Дана Омарова, Асель Агуанова, Эльмира Ермагамбетова, Нуржан Карабаев, Даулет Алиев