This post is also available in:
EN (EN) RU (RU) KZ
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі үшін жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша консультациялық қызметтер шеңберінде Olympex Advisers қатты пайдалы қазбалар саласын реттеу бөлігінде «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Кодекс) әзірлеуді консультациялық сүйемелдеу бойынша қызметтер көрсетті. Компания сарапшылары үздік халықаралық тәжірибені зерттеді, оған сәйкес Кодекс тұжырымдамасы әзірленді, мүдделі мемлекеттік органдармен және аккредиттелген ұйымдармен және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерімен кодексті келісу процесінде әзірлеу және сүйемелдеу жүзеге асырылды. Жоба командасының мүшелері ҚР Парламенті Мәжілісінде заң жобасын талқылауға және оны ҚР Парламенті Сенатында қарауға қатысты. Кодекске Мемлекет басшысы 2017 жылғы 27 желтоқсанда қол қойды.
Жоба командасы: Дияр Ерешев, Роза Саутова, Даулет Алиев