This post is also available in:
EN (EN) RU (RU) KZ
2018 жылдың 6 қарашасында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана Хаб» халықаралық технопаркін ресми түрде ашты.
Нұрсұлтан Назарбаев IT-стартаптардың халықаралық технопаркі инновациялық эко-жүйенің өзегіне айналатынын айтты. Технопарк қатысушылары жеңілдетілген визалық және еңбек режімдерін пайдалана алады. Оларға салық және басқа да жеңілдіктер беріледі, ал сарапшылар стартап-командалармен бірге жүреді.
Оның айтуынша, цифрландыру мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін дамытудың негізгі факторларының біріне айналды, ал «Астана Хаб» – IT-стартаптардың халықаралық технопаркіне айналды, оның басты миссиясы – стартап мәдениетті дамыту және ел экономикасын нығайту үшін жоғары технологиялық жобаларды қолдау.
2018 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңға қол қойды, ол 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркінің қатысушылары үшін салық жеңілдіктерін көздейді.
«Olympex advisers» ЖШС аталған құжатты әзірлеу кезінде салықтық жеңілдіктерді беру бөлігінде ресми түрде оны келісудің барлық сатыларында Қазақстан Республикасы Ақпараттық және коммуникация министрлігінің, сондай-ақ «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркінің қатысушылары болып табылатын салық төлеушілердің мүдделерін білдірді.
Салықтық жеңілдіктер:
“Астана Хаб” халықаралық технологиялық паркінің қатысушылары үшін келесі жеңілдіктер қарастырылған:
Корпоративтік табыс салығы (КТС) – 0 пайыз, оның ішінде:
Бейрезиденттің дивидендтер және құн өсімі түріндегі кірістері (қатысу үлестерін) акцияларды 3 жылдан кем иелену мерзімі кезінде – 5 пайыз;
Бейрезиденттің дивидендтер және құн өсімі түріндегі кірістері акцияларды (қатысу үлестерін) 3 жылдан астам иелену мерзімі кезінде кірістері – 0 пайыз болады. Алайда салық салуда жеңілдігі бар мемлекетте тіркелген тұлғаның уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізген жағдайда аталған жеңілдік берілмейді.
Бейрезиденттің роялти және консультациялық, маркетингтік, инжинирингтік қызметтер көрсету түріндегі кірістері – 0 пайыз. Егер де салық салуда жеңілдігі бар мемлекетте тіркелген тұлғаның уәкілетті орган бекіткен тізбесіне енгізілсе жеңілдік берілмейді.
Бейрезиденттің қосылған құн салығы (ҚҚС) келесі айналымдарды қоса алғанда: тауарлар импорты, көрсетілетін жұмыстар, қызметтерді сатып алу, өз өндірісінің тауарларын, жұмыстарын, қызметтерін сату кезінде – 0 пайыз болады.
Шетелдік қызметкерлерге төленетін кірістер бойынша әлеуметтік салық – 0 пайыз.
Қызметкерлердің табыстары бойынша жеке табыс салығы (ЖТС) – 0 пайыз.
Көрсетілген салық жеңілдіктері бейрезиденттің кірістеріне «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркінің қатысушыларына 10 жыл мерзімге берілді.
Алайда, бейрезиденттің роялти түріндегі кірістері бойынша жеңілдіктер 5 жылға ғана беріледі.
«Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне қатысушының сәйкестігі.
«Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркінің қатысушылары көзделген жеңілдіктерді пайдалану үшін жеке тұлға қатысушы құқығына ие болуы тиіс. Технопарк қатысушыларының тізбесіне ол туралы жазба енгізілген сәттен бастап, жеке тұлға «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркінің қатысушысы құқығын алады.
Технопарк қатысушысының тізбесіне енгізу үшін өтініш беруші құжаттар пакетін ұсынуы қажет. Бұл ретте өтініш беруші мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:
- заңды тұлға болу;
- өтініш берген сәтте филиалдардың, сондай-ақ өкілдіктерді қоспағанда, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелердің болмауы;
- 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған инвестициялық келісімшарттар бойынша инвестициялық басым, сондай-ақ инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыратын (іске асырған) ұйымдарға жатқызылмауы тиіс;
- акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге және ұлттық компанияларға немесе олардың еншілес ұйымдарына тиесілі заңды тұлға болып табылмау;
- жер қойнауын пайдаланушы немесе арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы болмау ;
- акцизделетін тауарларды төлеуші болмауы.
«Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркінің қатысушысы бекітілген тізбеге сәйкес ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы қызметтің басым түрлерін жүзеге асырудан ғана кіріс алуға құқылы.
БІЗДІҢ ҰСЫНЫМДАР
Біз осы салаға салынған инвестициялардың тиімділігін бағалау үшін жаңа заңнамамен көзделетін мүмкіндіктерді мұқият талдауды ұсынамыз.
Жаңа заңнаманың ережелерін іске асыруға байланысты мәселелер туындаған жағдайда, атап айтқанда, «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркінің қатысушысы құқығын алу ерекшеліктеріне, «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркінің қатысушысына салық салуға байланысты көмек көрсетуге дайынбыз.