This post is also available in:
EN RU (RU) KZ (KZ)
Olympex ADVISERS сарапшылары «Астана» халықаралық қаржы орталығында жеке компанияларды тіркеу рәсімін сүйемелдеу бойынша қызметтерді табысты көрсетті.
Қызмет көрсетудің мақсаты теміржол жылжымалы құрамының ірі өндірушісі болып табылатын швейцариялық Stadler CIS AG компаниясының еншілес компанияларын «Астана» халықаралық қаржы орталығында Private Company нысанында тіркеу болды.
Сарапшылар жеке компанияларды «ақырына жеткізіп» тіркеу қызметтерін көрсетті, соның ішінде:
- тіркеу үшін қажетті корпоративтік шешімдердің жобаларын дайындау;
- жарғылық құжаттарды әзірлеу;
- тіркеуге өтініш беру;
- жаңа кәсіпорындар үшін статистика органдарына тапсыруға қажетті есептілік нысандарын тапсыруға жәрдемдесу;
- банк шотын ашуға жәрдемдесу.
Қызмет көрсету нәтижесінде OLYMPEX ADVISERS сарапшылары «Астана»халықаралық қаржы орталығында Stadler Kazakhstan LTD және Stadler Service Kazakhstan Ltd жеке компанияларын тіркеді.
Жобалық команда: Кнатов Бауыржан, Нұркеев Данияр, Токина Айдана