This post is also available in:
EN RU (RU) KZ (KZ)
OLYMPEX ADVISERS сарапшылары халықаралық салық салу мәселелеріне қатысты камералдық бақылау нәтижелері бойынша шешімдерге шағымдану шеңберінде ҚР салық органдарында клиенттің мүдделерін таныту және қорғау бойынша қызметтерді табысты көрсете білді.
Шағымданған мәселелердің мәні ұлттық салық заңнамасын қолдану кезінде клиенттің іс-әрекетінің заңдылығын қорғау болды. Салық кодексінде көзделген барлық талаптар сақталғандықтан Клиент ҚР-да бейрезиденттің дивиденд түріндегі кірісін салық салудан босатты. Алайда, салық органы клиенттің ұстанымымен келіспей, бейрезиденттерге төленген дивиденд түріндегі төлем көзінен корпоративтік табыс салығын қосымша есептеуді жүргізді. Негіздеме ретінде салық органы дивидендтерге салық салу мақсатында Салық кодексінде “таза кіріс” ұғымының жоқтығын алға тартып, іс жүзінде дивидендтерді төлеу көзі бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік деректері бойынша анықталған таза кіріс (таза пайда) болып табылатындығын ескермеді. Тиісінше, салық органының ұстанымына сәйкес Клиент бейрезидентттерге есептелген және төленген дивидендтерге қатысты Бухгалтерлік есеп бойынша емес, салық есебінің деректері бойынша ғана салық салудан босатуды қолдануға құқылы болды.
Сонымен қатар, салық салу объектісін іс жүзінде өзгертетін және Салық кодексінде бұрын көзделген жеңілдіктерді алып тастайтын 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қабылданған дивидендтерге салық салудың жаңа тұжырымдамасын салық органы 2018-2019 жылдар аралығында бейрезидентттерге есептелген және төленген дивидендтерге ретроспективті түрде заңсыз қолданды.
Төлем көзінен алынатын шағымданып отырған корпоративтік табыс салығының жалпы сомасы 536 652 582 теңгені құрады, оның 100 пайызы OLYMPEX ADVISERS сарапшылары сүйемелдейтін шағымдану қорытындысы бойынша сәтті жойылды.
Ескертпе: жоғарыда сипатталған қызметтерге Тапсырыс беруші компанияның атауы тараптар арасында жасалған құпия ақпаратты жарияламау туралы шарттың ережелеріне сәйкес ашылмайды.
Жобалық команда: Жаманбалин Серік, Жақыпов Ғалымжан, Омарова Дана, Нұрперзентова Екатерина, Ақышева Айнагүл