This post is also available in:
EN (EN) RU KZ (KZ)
OLYMPEX ADVISERS сарапшылары бірінші сатыдағы соттың және ҚР Жоғарғы сотының кассациялық сатысының қағидалары бойынша ҚР Жоғарғы Сотында төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығын өндіріп алу туралы клиентке салық органының талап қоюы бойынша жауапкер ретінде клиенттің мүдделерін таныту және қорғау қызметтерін табысты көрсетті.
Клиенттің ұстанымын қорғаудағы даудың мәні оның қосарланған салық салуды болдырмау және табыс салығын төлеуден жалтарудың алдын алу туралы Келісімнің ережелерін заңды қолданылуы болды. Клиент ҚР-да тұрақты мекемесінің болмауына байланысты бейрезиденттің ҚР аумағында қызмет көрсетуден түскен табысын салық салудан босатты. Алайда, салық органы ҚР-да бейрезиденттің тіркелген тұрақты мекемесін ескере отырып, клиент бейрезиденттің бұрын төленген кірістерінен ретроспективті түрде төлем көзінен корпоративтік табыс салығын ұстап қалуға міндетті деген ұстанымнан тайған жоқ. Нәтижесінде Olympex ADVISERS сарапшылары Салық кодексінің ережелерінде салық агентін өткен кезеңдерді қайта қарауға және бейрезиденттің бұрын төленген кірістеріне корпоративтік табыс салығын ретроспективті түрде салуға міндеттейтін нормалардың жоқ екенін дәлелдеп шықты.
Соттық тексеру қорытындысы бойынша салық органы қосымша есептеген салық жалпы сомасы 1 235 022 256 теңгеге (салықтар 883 671 445 теңгеге және өсімпұл 351 350 811 теңгеге) қысқарды, бұл салықтар мен өсімпұлдардың жалпы сомасының шамамен 88% -н құрайды.
Ескертпе: жоғарыда сипатталған қызметтерге Тапсырыс беруші компанияның атауы тараптар арасында жасалған құпия ақпаратты жарияламау туралы шарттың ережелеріне сәйкес ашылмайды.
Жобалық команда: Жаманбалин Серік, Жақыпов Ғалымжан, Омарова Дана, Нұрперзентова Екатерина, Ақышева Айнагүл